Өз танысының қонақжайлығын пайдаланып, сейфін тонап кеткен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО-ның полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша Глубокое ауданының полиция бөліміне Предгорное ауылының 72 жастағы тұрғыны арызданып, танысын жауапқа тартуды сұраған. Қонақ болып барған танысы жатын бөлмесінде орналасқан сейфті бұзып, ішінен 3 500 000 миллион теңгені ұрлап кеткен.
Жедел іздестіру шаралары барысында 34 жастағы жергілікті тұрғын кінәлі деп анықталып, жауап алу кезінде қылмысын мойындаған.
Жауапқа алынған ер адамға қатысты ешқайда кетпеу туралы жазбаша түсініктеме алынып, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексi –"Ұрлық", ҚР ҚК 3-бөлігі сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Бұл заңға сәйкес 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады.