Глубокое ауданында қарызға батқан адам 3 жылдан астам уақыт Алматыда жасырынып жүрген

462
көрілім
Шартты фотосурет

Қыркүйек айында Глубокое аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөліміне 2 000 000 теңгеден астам қарызды уақтылы төлемеген 61 жастағы борышкерге іздеу жариялау туралы жеке сот орындаушысының қаулысы келіп түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиевтің айтуынша, борышкер әйел 3 жылдан артық уақыт бойы қарызды төлемей, Алматы қаласында жасырынған.

– Іздестіру іс-шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері екі ай ішінде борышкердің орналасқан жерін анықтады. Енді қарызды өндіріп алумен сот орындаушылары айналысады, - деді Сағат Кентайұлы.

Жыл басынан бері көші-қон қызметінің қызметкерлері төленбеген борыштарына байланысты сот орындаушыларынан жасырынып жүрген 160-тан астам азаматты анықтады.

ШҚО ПД көші-қон қызметі атқару құжатын орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік және ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.