Глубокое ауданының Глубокое кентінде көше аулаларында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл туралы аудан әкімі Ерлан Аймұқашев мәлімдеді. Оның сөзінше, аталмыш жұмыс өндірістік жұмыс кестесіне сәйкес жалғасын тапқан.
– «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Глубокое кентінің Попович және Пирогов көшелері бойынша аула аумақтарында орташа жөндеу жұмыстары басталды. Попович көшесі бойынша 31,33,29,27,25,23,21,30,28,34 үйлердің аулаларында жұмыстар жүргізілді, – деді аудан басшысы.