Глубокое ауданында өртенген үйден 31 жастағы әйелдің денесі табылды

169
көрілім

Глубокое ауданында отқа оранған үйден 31 жастағы әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 14 қаңтар күні Глубокое ауданы Белоусовка кентінде болған.

«Пушкин көшесінде орналасқан жер үйде өрт шықты. Бөлмелердің бірінде жиһаз, тұрмыстық техника мен заттар жанған. Тілсіз жаудың жалпы ауданы 16 шаршы метрді құрады. Барлау барысында құтқарушылар дәлізден 31 жастағы әйел адамның денесін тапты», - делінген ақпаратта.

Көп ұзамай жалын толықтай ауыздықталды. Алдын ала дерек бойынша оттың шығуына – төсекте жатып темекі шегу себеп болған.

Талғатжан Мұхаметбекұлы