Глубокое ауданында заңсыз елік атқан аңшылар қолға түсті

588
көрілім

Глубокое ауданындағы Секисовка ауылынан 2 шақырымдай жерде заңсыз елік атқан аңшылар ұсталды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі. 

22 тамыз күні табиғат қорғау полициясының өкілдері мен орман және аңшылық шаруашылықтары жедел әрекет ету жасағының қызметкерлері «Нива» автокөлігін тоқтатады. Тексеру жұмыстарын жүргізген олар сол көліктің ішінен екі мылтық пен еліктің етін анықтаған.

Екі аңшы да Белоусовка ауылының тұрғындары екен. Олар заң талабына сәйкес аңға шығу үшін қажетті құжаттарын рәсімдемеген болып шықты. Бүгінгі таңда осы іске қатысты материалдар Глубокое ауданының полиция бөліміне жіберілді.