Глубокое ауданында жасөспірімді тонап кетті

398
көрілім

Глубокое ауданына қарасты ауылдардың бірінде белгісіз ер адам жасөспірімді соққыға жығып, ұялы телефонын тартып алған, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Оқиға ағымдағы жылдың 10 қаңтарында түскі сағат 13.30 кезінде орын алған. Глубокое ауданына қарасты ауылдардың бірінде бетіне медициналық маска киген белгісіз ер адам жанынан өтіп бара жатқан жасөспірімді тоқтатып, кенеттен тапанша тәрізді заттың тұтқасымен ұрып құлатады. Содан кейін бағасы 50 000 теңге көлеміндегі «Samsung A10» маркалы телефонын тартып алған.

Қазіргі уақытта күдікті қолға түсті. 25 жастағы жұмыссыз ер адам бұрын бірнеше рет істі болған. Тергеу барысында ол кінәсін мойындады.