Глубокое ауданындағы ауылдардың бірінде 9 млн теңгеге дәретхана орнатылмақ

156
көрілім
фотосурет ашық дереккөзден
Аталған ауданға қарасты Зимовье елдімекенінде санитарлық-гигиеналық торап орнату үшін осындай қомақты қаржы бөлінген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 
Техникалық сипаттамаға сүйенсек, екі кабинасы бар модульдік заманауи дәретхананы орнатуды Глубокое аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі өкілдері қолға алған. 
- Ауа-райының кез-келген түріне: жауын-шашын, тұман, жаңбыр болсын, тіпті қардың әсеріне төзімді. Сондай-ақ қоршаған ортаның  -45-тен +50 градус температурасына; 1,00 Кпа қар жүктемесіне; 0,48 Кпа жел жүктемесіне; 10 баллға дейінгі сейсмикалық жағдайларға шыдамды. Әжетхананың қаңқасы - тікбұрышты, беріктігі жоғары металлдан тұрады. Жігі сыртқы климаттық факторлардан оқшауланған, арнайы профильден жасалған. Әсіресе, болат профильде коррозияның алдын алатын арнайы жабын бар. Кешенді дайындау кезінде модульдік нысандарда саңылаулар мен инженерлік желілерді енгізу және қосу жағы да ескеріледі, - делінген бөлім басшылығы ұсынған мәліметте.