Глубокое ауданының әкімі болып сайланған Эльдар Тумашинов 23 мыңға жуық дауыс жинаған

136
көрілім

Бүгін өңір басшысы Ермек Көшербаев аудан халқымен кездесіп, Эльдар Лұқбекұлының жұмысына сәттілік тіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, жауапты тұлға 2022 жылдың қаңтарынан бастап осы қызметте болған.
- Белсенділік танытқан барлығыңызға алғыс айтамын. Мұндай сайлау тұңғыш рет өтті. Дауыс беру 80 пайызды құрады. Бұл өңірді оң өзгерістер күтеді деп сенеміз, - деді Ермек Беделбайұлы.
Сайлау 44 таңдау учаскесінде өтті. 1155 адам учаскеге келмей дауыс берген. 
Эльдар Тумашинов төрт жылда халық сенімін ақтап, аудан әлеуетін көтеруге барын салатындығын жеткізді.
Қысқаша таныстыра кетсек:
Эльдар Лұқбекұлы 1987 жылы 6 қазанда Катонқарағай ауданында дүниеге келген. Ұлты қазақ.
 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылы «Kazenergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінде халықаралық ынтымақтастық департаментінің сарапшысы болып бастады. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген. Отбасылық жағдайы: үйленген, 4 баласы бар.
2016 жылдың 4 сәуірі мен 2019 жылдың қаңтары аралығында СЕМИНКО" ЖШС директоры, Астана қаласы.
2019 жылдың 1 қаңтарынан 2022 жылдың қаңтары аралығында
"Ертіс" "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ Басқарма төрағасы. Ал өткен жылдың басынан бастап осы уақытқа дейін Глубокое ауданының әкімі қызметінде.