ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың блогына тәртіп сақшыларына қатысты шағым келіп түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Бірінші қазан күні Сәтпаев даңғылында мемлекеттік тіркеу нөмірі дұрыс көрінбейтін көлік мінген полицейлер байқалған. Оған қоса көліктің сол жақ габаритті шамдары дұрыс жанбайтындығы жол-көлік ережесін бұзу болып саналады» делінген «Жан Ботанов» қоғамдық ұйымының шағымында.
Әкімдіктегілер аталған жайтқа байланысты тексеру жүргізген.
– Қызметтік көлік жүргізушісі – Глубокое аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы болып шықты. Ол бұл ісі үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп жауап берді аймақ басшысы.