Глубокое кентіндегі қазандықты жөндеуге 337,9 млн теңге бөлінді

102
көрілім
Фотосурет: istockphoto.com

Қазір мердігерлер жөндеу жұмыстарының 50 пайызын аяқтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мамандары Глубокое кентіндегі «Теплоэнергия» МҚК-ның жылу көздеріндегі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. 
Белгілі болғандай, кәсіпорынды қалпына келітру үшін «Перспективная технология» ЖШС мердігер ұйымы жұмылдырылған.
№3 қазандық сыртын, бүйірлік алдыңғы құбырларды, су жіберетін құбырларды, бүйір қабырғаларын демонтаждау жұмыстары жүргізілуде. Ал №4 қазандықтың жабдықтары ауыстырылуда. Биыл Глубокое кентіндегі қазандықты жөндеуге облыстық бюджеттен 337,9 миллион теңге бөлінді, - деді облыстық басқармадағылар. 
Қазіргі таңда қаражаттың 50 пайызы игерілген. Мердігерлер жөндеу жұмыстарын қыркүйек айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.