Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өтетін болды. Бұл туралы отандасымыздың промоутері Том Леффлер жазды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Тенриньюс.кз сайтына сілтеме жасап.
– «Канело» – Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтетінін ресми түрде хабарлаймын. Жанкүйерлер үшін керемет бокс кеші болмақ! – деп жазды Том Леффлер Twitter желісіндегі парақшасында.
2016 жылы ашылған «T-Mobile Arena»-ға 20 мыңға жуық жанкүйер сыяды.
Геннадий Головкин бұрын «T-Mobile» Arena кешенінде жекпе-жек өткізбеген. Ал «Канело» болса Лас-Вегастағы осы аренада 10 кездесу өткізген. Оның ішінде Амир Хан мен соңғы рет шаршы алаңға шыққан қарсыласы Хулио Сезар Чавес те бар.
Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық «The Ring» журналының белбеуін бәске тігетін болады.