Әлемнің экс-чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин өзінің титул үшін айқасатындығын ресми жариялады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
«7 қазанда өте тамаша жекпе-жек болады. Әрқашан рингке шыққан сайын мен өз фанаттарым көргісі келетін айқас өткізуге тырысамын. «Big Drama Show» рингке қайта оралатын болады»,-деп жазды Головкин өзінің Twitter-аккаунтында.
Қазақстандық боксшы украиндық Сергей Деревянченкомен IBF титулы үшін жұдырықтасады. Жекпе-жек қазан айында Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында өтеді.
Еске сала кетсек, мұның алдындағы айқас та Нью-Йоркте болған еді. Ол жолы қазақстандық канадалық Стив Роллсті төртініші раундта нокаутқа түсірді