Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін грек-рим күресінен 87 келі салмақта қазақстандық балуан Нұрсұлтан Тұрсынов алғашқы кездесуін сәтті өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM ға сілтеме жасап
Ол алғашқы белдесуінде мысырлық балуан Мохамед Мұстафа Метваллиді 10:1 есебімен ойсырата жеңді.
Осылайша, отандасымыз Нұрсұлтан Тұрсынов Париж Олимпиадасының ширек финалына шықты.
Мысырлық палуан – Африка ойындарының қола жүлдегері, Африка чемпионы, Токио Олимпиадасының қатысушысы.
Нұрсұлтан Тұрсынов – Азия чемпионы және 2 дүркін күміс жүлдегері.
Айта кетейік, 77 келіде ел намысын қорғаған Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының жартылай финалында Әзербайжан өкілі Санан Сулеймановты айқын басымдықпен жеңіп, финалға жолдама алды.