Гүлнәр Әжмұратова. Ядролық сынақтан зардап шеккен адамдарға көмек көрсету

355
көрілім

Гүлнәр Әжмұратованың қызметі Семей аймағының қайғы-қасыретті жерімен тығыз байланысты. Ол «Дәрігер-емдеуші» мамандығы бойынша Семей мемлекеттік медициналық институтын бітірген. 2003 жылдан бастап Семей қаласындағы «Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институтының» оңалту орталығында жұмыс істейді.

1949 жылдан 1990 жылға дейінгі аралықта Семейдегі полигонда ядролық сынақтар жүргізілген. Радиациялық сәулеленудің халықтың денсаулығына қандай әсері бар екенін ол кезде ешкім зерттемеді. Адамдарға тіпті осы сынақтың салдарынан зардап шеккендері жөнінде диагноз да қоймайтын.

2010 жылдан бастап медицина ғылымдарының кандидаты Әжмұратова Семей қаласындағы «Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институтының» РМҚК КДБ меңгерушісі болды. Иондаушы радиацияның сәулелену әсеріне ұшыраған халықтың денсаулығын зерттеумен айналысады. Оның жетекшілігімен Семей сынақ полигонында 1949 жылдан 1990 жылға дейінгі кезеңде ядролық сынаққа ұшыраған халықтың клиникалық зерттеулері жүргізіліп жатыр. Клиникалық және эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижесі радиациялық-индукцияланған ауруларды ерте диагностикалау, зардап шеккен халықты емдеу мен оңалту бойынша орта және ұзақ мерзімді бағдарламалар әзірлеудің негізі болып табылады.

Сондай-ақ, Гүлнар Қадырқызының жетекшілігімен радиациялық-индукцияланған сырқаттармен ауыратын топтардың алғашқы скринингі мен оларға ары қарай терең тексеру жүргізілуде.

2013 жылы Гүлнәр Әжмұратова «Радиациялық және радиациялық емес факторларды потенциалдау әсерлерінің Қазақстанның халық денсаулығының қалыптасуындағы мәні» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

Гүлнәр Әжмұратова 30-дан астам ғылыми мақалалардың авторы, оның алтауы халықаралық басылымдарда, соның ішінде алыс және жақын шетелдердегі беделді басылымдарда, Қазақстанда, Жапонияда, Ресейде, Ұлыбританияда өткізілетін коференциялар мен симпозиумдарда жарияланған.

Өзінің ғылыми-медициналық қызметі үшін Гүлнәр Әжмұратова «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

Өзіңізге ұнаған үміткер үшін «Рухани жаңғыру. Қазақстанның 100 жаңа есімі» сайтында дауыс беруіңізге болады: http://100esim.el.kz/ru

Сайттың бас бетінде жобаның мәреге жеткен барлық үміткерлерімен танысуға болады.

Әлеуметтік желі немесе пошта арқылы авторизациядан өткеннен кейін сіз өмірбаяны өзіңізге ұнаған адамға дауыс беру құқығына ие боласыз.

Дауыс беру келесі категориялар бойынша жүргізіледі: ғылым, қоғам, медцина, спорт, мәдениет, бизнес. Әр категорияда үш қатысушыны ғана таңдауға болады.

Біздің замандасымыздың ұжымдық келбеті толық әрі айқын болуы үшін Қазақстанның 100 жаңа есімін таңдауға қатысыңыз.