Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нұрмағамбетовтың америкалық Дастин Порьемен жекпе-жегінен қанша пайда табатыны белгілі болды деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Qamshy.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл жолғы гонорар Макгрегормен болған жекпе-жекке қарағанда 3-3,5 есе көп болады. Макгрегормен жекпе-жек кезінде Хабиб 2 млн долларға жуық пайда тапқан болатын.
"Біз тиын-тебенге күреспейміз. Біз өз бағамызды білеміз», - дейді Хабиб Нұрмағамбетовтың әкесі.
Сондай-ақ Хабиб Нұрмағамбетов Макгрегормен екінші рет кездесудің қызықсыз болатынын айтты.
"Мен Макгрегормен екінші рет кездесу өткіземін. Егер ол соған лайықты болса. Сонымен бірге қайтып келіп, жеңіс сериясын жүргізуі керек. Сонда біз жекпе-жектің өтуіне келісім береміз. Конор мен UFC қайтып келіп бір рет жеңіске жетіп, менімен қайта жекпе-жек өткіземіз деп ойлайтын шығар. Бұл мені мазаламайды. Қазір жеңіл салмақтағы мықтылар мен чемпиондар көп. Мен кез келгенімен жекпе-жекке шығуға дайынмын. Ал Конор соңғы рет қашан жеңіске жетті? Әуесқой бокстағы біреуді жеңді. Ал қазір Макгрегор 5 жекпе-жектің ең болмаса төртеуін жеңуі керек. Сол кезде ғана не боларын көреміз", - деді Хабиб.