Хабиб Тони Фергюсонмен болатын жекпе-жектен бас тартты

423
көрілім

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Тони Фергюсон арасындағы жекпе-жек коронавирустың таралуына байланысты өтпейді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ ке сілтеме жасап.

Жекпе-жек 18 сәуірде АҚШ-тағы UFC 249 шоуында өтуі керек еді.

Алайда Хабиб қазіргі жағдайға байланысты үйде карантинде екенін жазды, Instagram желісінде.

- Сонда бүкіл әлем карантинде отыр, барлық елдердің үкіметтері мен әлемдегі танымал адамдар адамдарды құтқару үшін аурудың таралуын шектеу үшін қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады, ал Хабиб болса үш міндеттен босатылып, ерік-жігерін елге көрете отырып, жекпе-жек үшін әлемді аралап, басын қатерге тігуі керек пе? Мен бәрін түсінемін, кездесудің болмайтынына сіздерден артық өкініп отырмын. Басқалардың да менің жекпе-жегімнен кейін өз жоспарлары болған шығар. Бірақ мұның бәрін реттеп отыру менің қолымнан келмейді. Дәл қазір үлкен державалар мен ірі компаниялар болып жатқан оқиғалардан шошып отыр, жағдай күн сайын болжаусыз өзгеріп отырады, бірақ Хабиб жекпе-жек өткізуі тиіс, солай ма? Өздеріңізге қамқор болыңыздар және өздеріңізді менің орныма қойып көріңіздер, – деп жазды Хабиб.