Қазақстанда төрт мемлекеттік органға әлеуметтік, табиғи немесе техногенді төтенше жағдайлар кезінде Интернет және байланыс құралдарын бұғаттау құқығы берілді, деп хабарлайды газет тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
28 қазан күні Қазақстан Үкіметі арнайы Қаулы шығарып, Бас Прокуратура, Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті, Ішкі істер министрлігі мен Қорғаныс министрлігіне интернетті бұғаттау құқығы берілді. Қаулыға сәйкес, аталған мемлекеттік органдар өкілетті органмен өзара әрекет ете отырып, «әлеуметтік, табиғи және техногендік тұрғыдан төтенше жағдай болғанда» Үкімет пен Президент байланысынан басқа интернетпен байланыс жүйесін тоқтатуға құзыретті.
– Халықты төтенше жағдай туралы құлақтандыру мәселесі ең жоғары деңгейде қалып отыр. Бұл жерде априори байланысты өшіруде емес. Халықтың дүрлігуіне жол бермес үшін мұндай шешімді қандайда бір комиссия қабылдайтын болады, – деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.
Асқар ТҰМАРБЕК