Ғалиябану Садықова. «Мүмкін емес нәрсе жоқ»

324
көрілім

Алтай кентіндегі «Шағын-маркет» дүкені ауыл тұрғындарының көңілінен шығып жүр. Ал оның иесі – Ғалиябану Садықова – жерлестерінің құрметіне ие. Мүгедектігіне қарамастан лд өз ісін ашуға бел буған жан. Ғалиябану «Мүмкін емес нәрсе жоқ» деп аталатын ҚҰ құрып отыр.

Ғалиябану Верхнеберезовский кентінде дүниеге келген, өскен жері – Алтай кенті. Ата-анасы кеніште еңбек еткен. Ғалиябану мектептен кейін «металл және темірбетонды конструкцияларды монтаждау» мамандығын таңдап, арматура зауытында алдымен түйіспелі пісіру учаскесінде ісмер болып, кейін цех ісмері болып қызмет атқарады.

1988 жылы ол Чукоткаға кетеді. Алтын кенішті кәсіпорынның бригадасында аспаз болып вахталық әдіспен жұмыс істейді. Жұмысы ауыр болса да, Ғалиябану жарқын болашағына сенімді еді.

Алайда 90-жылдары барлық жиған-терген қаражаты тиынға айналып, бір қап қант сатып алуға ғана жетті. Екі баласын өсіріп-жеткізу үшін ол базарға жұмысқа шығады.

2008 жылы «онкология» деген ауыр дианоз қойлмаса Ғалиябану Мухамадиеваның кейінгі тағдыры қалай болатыны белгісіз еді. Бірақ Ғалиябану сырқатына бола мойымады. Ол еңбек етуін тоқтатқан емес.

2011 жылы несие алып, дүкен сатып алды. Енді «Шағын-маркет» алға жүруге жетелейді, тек өзінің ғана емес, басқаның да қажеттілігін ойлауға үйретеді. Ол мүгедектерге арналған пандус қойып, кіре берістерді жайластырмақшы. Сондай-ақ, банктердің мүгедек кәсіпкерлерге несие бере бастауына қол жеткізуді көздейді.

Өзіңізге ұнаған үміткер үшін «Рухани жаңғыру. Қазақстанның 100 жаңа есімі» сайтында дауыс беруіңізге болады: http://100esim.el.kz/ru

Сайттың бас бетінде жобаның мәреге жеткен барлық үміткерлерімен танысуға болады.

Әлеуметтік желі немесе пошта арқылы авторизациядан өткеннен кейін сіз өмірбаяны өзіңізге ұнаған адамға дауыс беру құқығына ие боласыз.

Дауыс беру келесі категориялар бойынша жүргізіледі: ғылым, қоғам, медцина, спорт, мәдениет, бизнес. Әр категорияда үш қатысушыны ғана таңдауға болады.

Біздің замандасымыздың ұжымдық келбеті толық әрі айқын болуы үшін Қазақстанның 100 жаңа есімін таңдауға қатысыңыз.