«Халық заңгері» акциясында қандай тақырыптар бойынша сұрақтар жиі қойылуда?

926
көрілім

Бұған ШҚО бойынша заңгерлік кеңес палатасының төрайымы Алтынай Аринова жауап берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жауапты тұлғаның сөзінше, барлық сала бойынша 12 заңгер келіп, көпшілік қойған сауалдарға жауап беруде.

– Шаруашылық, отбасылық және мұрагерлік құқық бойынша сұрақтар түсуде. Соның ішінде, мұрагерлік істі рәсімдеу үшін алты ай ішінде нотариуске жүгіну керектігін көбі біле бермейді. Мерзімі өтіп кету, мәселені сот арқылы шешімін табу сияқты түйткілдер осыдан соң басталады. Отбасылық құқық бойынша қойылған сауалдар кәмелеттік жасқа толмағандарға алимент төлеу төңірегінде. Неке бұзылған соң мүгедек ерлі-зайыптылардың өтемақы төлету жағы да жиі қозғалды. Бұл қиын сұрақ. Себебі, ер-азамат мүгедек болса, алимент төлеуге қауқарсыз екендігін айтып, сытылып кетуі мүмкін. Ал шаруашылық сұрақтар дегенде, жер учаскесін рәсімдеу, үй салу сияқты сауалдар түсті. Барынша толық жауап беруді басшылыққа алып жатырмыз, – деді Алтынай Хайдарқызы.