Қаладағы «Керемет» атты садақ ату орталығында түрлі сала өкілдеріне арналған мерекелік шара өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өскемендегі садақ ату орталығында облысымыздың әр ауданынан жиналған түрлі сала өкілдеріне қызықты бағдарлама ұсынылып, олардың сергіп қайтулары назарға алынды. Іс-шара барысында садақ ату спортын дамыту және оның тигізер пайдасы жөнінде құнды мәліметтер айтылды.
- Соңғы жылдары ақсап қалған спортымызды қайта жандандыру үшін осындай орталықтар аудандарда да ашылуда. Садақ атудың бірнеше түрі бар. Қазақы нақыштан бастап, еуропалық және азиялықтар қолданған әдістерді айта кетуге болады. Жалпы, ауылдарда осындай орталықтың ашылуы көпке рух сыйлайды деп ойлаймын, - мұндағы жаттықтырушы Шырай Нұрлатқызы. Меймандар талпынысына қарап, ерлермен қатар, бұрымдылардың да адырна тартуда қапы қалмайтындықтарын байқауға болады.
Садақ ату орталығынан кейін қонақтар облыстық Драма театрына барып, мерекелік кешке қарай ұйымдастырылған спектакльді тамашалады.