Халықаралық «Мен қазақпын» жобасы үздік әншілерді, күйшілер мен термешілерді іздейді

1079
көрілім

«Қазақстан» ұлттық арнасында халықаралық «Мен қазақпын» жобасы бастау алды. Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен аталған арнаның бірлесе қолға алған жобасының мақсаты – дәстүрлі әнші, күйші, термешілерімізді еліміздің әр аймағында қалыптасқан өнер мектебінің өкілдерін кеңінен дәріптеу. Таңдаулы туындыларды өскелең ұрпаққа заманға сай форматта насихаттау болып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ОКҚ-не сілтеме жасап.

Мен жобаның қымбат болғанын қалаймын. Мүмкіндік болса демеушілерді тартуға болады. Мен «Қазақстан» ұлттық телекорпорациясының осы жобаны толықтай алып шығатынына сенімдімін. Осы жобаға тартылған барлық қызметкерлерге қаламақы жақсылап төленеді деп ойлаймын. Кейбір жобаларға қаражатты аямауларыңызды сұраймын, – дейді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.

Сондай-ақ, министр жоба бағасының мәселесін «Қазақстан» ұлттық арнасының толық шешетінін алға тартты.

Таңдаулы туындыларды өскелең ұрпаққа заманға сай форматта насихаттауды көздеп отырмыз. Өнер бәйгесіне халық композиторларының шығармаларын, халық әндерін орындайтын өнерпаздар қатысады. Олардың ішінен ең үздігі телевизиялық байқауға жолдама алады, – дейді ол.

Ал «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин жобаның өңірлердегі алғашқы байқаулары 5 маусымда бастау алатынын тілге тиек етіп, жарысқа елімізден бөлек Ресей, ҚХР, Моңғолия мен Алтайда тұратын қандастарымыз қатыса алатынын жеткізді.

Өңірлердегі іріктеу жарыстары маусым айының соңында аяқталады. Ал шілде айында Ресей, Қытай, Моңғолия мен Алтайда өткіземіз. Жобаның іріктеу кезеңінен түсірілген күнделіктер «Қазақстан» ұлттық телеарнасының эфирінен 9-27 тамыз аралығында көрсетіле бастайды. Ал жоба эфирге толық күйінде осы жылдың 3-қыркүйегінен енеді деп күтілуде. Жобаға 18 бен 40 жас аралығындағы өнерпаздар қатыса алады, – дейді Ерлан Қарин.

Мейрамбек Қосажан