“Халықпен жүздесіп, өз мүмкіншілігін көрсетуі тиіс”: ШҚО әкімі Ұлан ауданының басшысына ескерту жасады

6367
көрілім

Өңір басшысы Ермек Көшербаев Қасым Қайсенов кентіне барған іссапарында мемлекеттік бағдарламамен берілген көпқабатты үйлер маңын шөп басып, тазалық сақталмағанын жеткізді, деп хабарлайды Buqara.kz. сайтының тілшісі.

Аймақ әкімі мәселені бақылаудан шығарған Ұлан ауданының әкімі Думан Рахметқалиевке нақты тапсырмаларды жүктеді. Оның сөзінше, жаңадан салынған үйлердің жанында арам шөбі қаулап тұр. Жаңадан тағайындалған әкім ретінде тұрғындармен жүздесіп, өз мүмкіншілігін көрсетуі тиіс.

“Кент болса да шет жағын шөп басқан. Әр жұмыс сол өлкенің абаттандырылуы мен тазалығынан көрінеді. Қасым Қайсенов Өскеменнің дәл іргесінде. Соған қарамастан арам шөптің шабылмауы жұмысыңызға сын”, - деді Ермек Беделбайұлы.