Мамандар автокөлікті онлайн түрде есептен шығару және мемлекеттік тіркеу әдісімен таныстырып, үйіңізге дейін жеткізу жолын көрсетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
– Сонымен сатушы мен сатып алушыда ЭЦҚ-ның болуы және қарапайым әрекеттер алгоритмін орындауы керек.
Сатушыға:
- egov.kz электронды үкімет порталына авторлану және автомобильді тіркеу, есепке алу және есептен шығару бойынша қызметті таңдау;
Сатылатын көлікті таңдап, сұранысты толтырыңыз. Сұрауда сатып алушының ЖСН көрсету қажет.
Онлайн сұрау салуға ЭЦҚ-мен қол қою;
Сатып алушыдан растау алу;
Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңіздің өңделуі туралы хабарламамен танысу қажет;
Сұрау салуды өңдеу нәтижесі оң болған жағдайда мамандандырылған ХҚКО-ға жүгіну қажет. Өзімен бірге мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің түпнұсқалары, көлік құралын тіркеу туралы куәлік, көлік құралын тіркеуден шығару актісі болуы қажет.
Сатып алушыға:
Порталда авторлану және жеке кабинетке өту ("қызметтерді алу тарихы" бөліміне»);
Келісуді күтетін сұрау салумен танысу;
Сұранысты толтыру, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті алу үшін қажетті мамандандырылған ХҚКО таңдау;
Төлеуге:
Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін бергені үшін мемлекеттік баж;
Көлік құралын тіркеу туралы куәлікті дайындағаны үшін мемлекеттік баж;
Тіркеу алымы.
Маңызды! Төлем ең жақын мамандандырылған ХҚКО орналасқан жерде жасалуы тиіс!
Онлайн сұрау салуға ЭЦҚ-мен қол қою;
Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы "бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңіздің өңделуі туралы хабарламамен танысу қажет.
Сұрау салуды өңдеу нәтижесі оң болған жағдайда мамандандырылған ХҚКО-ға жүгіну қажет. Өзімен бірге мемлекеттік баждар мен алымдарды төлеуді растайтын құжаттар, көлік құралын тіркеу актісі, мәміленің электрондық нысаны құжаты болуы қажет.
Порталда қызмет тек жеке тұлғаларға ғана қолжетімді.
Жаңа нөмірлер мен техпаспорт үшін авто сатып алушы мамандандырылған ХҚКО-ға келмй-ақ, бірден үйге жеткізу қызметіне жүгіне алады. Ол үшін:
Egov.kz порталда авторлану және «Көлік және коммуникациялар» бөлімінде «МТНБ мен КҚТК-ны үйге жеткізу» қызметін таңдау;
Барлық қажетті деректерді толтыру;
Мемлекеттік бажды төлеу (2240 теңге);
Өтінімге ЭЦҚ-мен қол қою;
Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) сұрау салудың нәтижесі туралы қалыптастырылған хабарламамен танысу қажет, – делінген мәліметте.
Қызмет көрсету мерзімі-1 жұмыс күні.