Мамандар бұл үшін алдымен ХҚКО-ға алдын ала броньдауға кеңес береді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сонымен ұсынылған мәлімет мынадай:
– Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растаңыз;
Операторға келесі құжаттарды тапсыру арқылы қызметке өтініш қалдырыңыз.
Қандас (Оралман) мәртебесін алу үшін:
Еркін түрде жазылған өмірбаян
Отбасы мүшелерінің әрқайсысының 3х4 көлеміндегі екі суреті
Мәртебені алушы барлық отбасы мүшесінің жеке басын куәландыратын шетелдік құжаттарының аудармасының нотариалды расталған көшірмесі
Мәртебені ұзарту үшін осы құжаттармен қоса:
Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхат
Өтініш беріледі
Мәртебе мерзімі:
Мәртебе 1 жылға жарамды. Бұл мерзім бітерде ҚР азаматтығын алу үшін өтініш бересіз немесе мәртебені ұзартуыңыз қажет болады.
Мәртебені ұзарту мерзімі 6 айды құрайды. Мерзім өткен соң, қайта ұзартасыз немесе мәртебені алуға өтініш бересіз.
Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есептемегенде:
Мәртебені алу – 15 жұмыс күні
Мәртебені ұзарту – 5 жұмыс күні
Ескерту!
Сурет пен өмірбаяннан басқа құжат, мәліметтер тексерілгеннен кейін, өтініш берушіге қайта қайтарылуы тиіс. Сондай-ақ ХҚКО операторынан құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатты алуды ұмытпаңы, – делінген мәліметте.