ХҚКО мамандары жүргізуші куәлігін алудың 5 қадамын айтты

385
көрілім

«Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО филиалының өкілдері бастапқы жүргізуші куәлігін алу бойынша нақты бес қадамымен бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мамандардың айтуынша, алдымен білім алу үшін жақсы оқу курсын таңдау қажет. Жол қозғалысы ережелерінің теориясын өз бетіңізше де меңгеруге болады.

- Бірақ көлікті жүргізу сабақтарын міндетті түрде нұсқаушымен өтіңіз. Екінші қадам - ең маңызды құжаттар жинау: жеке куәлік, 073 үлгісіндегі меданықтама, автокурсты бітіргені туралы куәлік (болған жағдайда) және мемлекеттік баж салығын төлегеніңіз туралы түбіртек. Мемлекеттік баждың мөлшері 1,25 АЕК құрайды. Үшіншісі – теориялық емтихан қадамы. 40 минут ішінде 40 сұрақтың 32-сіне дұрыс жауап берсеңіз, емтиханды сәтті өткеніңіз. Кейін автодромда практикалық емтихан өту. Мұнда арнайы көлікпен 12 жаттығуды орындауға 20 минут уақыт беріледі. Соңғысы дайын құжатты алу. Екі емтиханды да сәтті тапсырсаңыз, сізге жүргізуші куәлігі беріледі, - делінген мәліметте.
 Ал жүргізуші куәлігін ауыстыру тіпті оңай. Электронды порталда өтінімге фотосурет және қолтаңбаның сканерленген суреті қоса жүктеу қажет.

- Жеке кабинетте құжаттың дайын екендігі туралы хабарлама алғаннан кейін мамандандырылған ХҚО-ға барып тек дайын жүргізуші куәлігін алып кетесіз. Егер сіз жүргізуші куәлігін мерзімі өтіп кеткеннен кейін ауыстыратын болсаңыз, онда Сізге псих - және нарко - диспансерден анықтама, сондай-ақ 073-формадағы медициналық анықтама қажет болады, - деп бөлісті филиал баспасөз қызметі.
Айта кетейік, мамандандырылған ХҚКО-ның құжат беру бөлімінде ауыстыратын ескі жүргізуші куәлігін, жеке басын куәландыратын құжат, мемлекеттік баж төлегені туралы электрондық чек пен өтінішті ұсынады. Жүргізуші куәлігінің мемлекеттік баж құны бұрынғысынша өзгертусіз қалды – 1,25 АЕК көлемінде.
2021 жылдың басынан бастап облыстың мамандандырылған ХҚКО-лары арқылы 82 мыңға жуық жүргізуші куәлігі берілген.