Өңірдегі шектеу шаралы кезінде тұрғындар түрлі өтініштерімен барып жүгінетін ХҚКО жұмысы тоқтаса да, қызмет көрсету түрлері түпкілікті тыйылған жоқ. Онымен қоса әр шаңырақта орталық қызметіне жүгіну қажеттілігі туындайтын әралуан жайттар болып жатады. Қайғылысы да (жақын адамыңның дүниеден қайтуы), қуаныштысы да (баланың өмірге келуі), күтпеген келеңсіздіктер (құжат жоғалту) қатар келеді. Қазіргі орнаған қарбалас кезеңде туу туралы куәлікке қалай тапсырыс беруге болады, қайтыс болғаны туралы куәлікті қалай ресімдеуге болады, карантин кезінде жүргізуші немесе жеке куәлік алуға бола ма? Мақалада аталған сауалдар мен өзгеде де жағдайларға байланысты сұрақтарға жауап берілмек, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Көптеген қызмет түрлерін онлайн алуға болатындығынан қатардағы әр тұрғын хабардар. Дегенмен осыған дейін «электрондық билік» порталымен қатарласа ХҚКО-лар да жұмыс істеп тұрған еді. Ойында жүрген бұйымтайлары мен өтініштерін арқалап, сол жаққа да жүгінетін тұрғындар саны аз емес-тұғын. Амал нешік, осы уақытта орын алып отырған жағдайға байланысты ондай мүмкіндік болмай тұр. Сол себепті тұрғындар тегіс egov.kz сайтына кіріп қызмет түрлерін алу үшін жеделдетіп машықтана берулері тиіс. Газет тілшісі де аталмыш жүйе жұмысына тереңірек үңіліп, төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған жандарға берілетін әлеуметтік төлемді ресімдеудің қадамдық нұсқаулықтарын біліп көруге тырысты. Бұл ретте түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін ШҚО бойынша «Азаматтарға арналған билік» Мемлекеттік корпорациясы филиалының баспасөз қызметіне жүгіндік.
Туу туралы куәлікті онлайн арқылы қалай ресімдеуге болады?
Мемлекеттік корпорация филиалының баспасөз қызметшісі Мөлдір Зәруетқызы баланың өмірге келуін тіркеу үшін келесі амалдарды орындарды қажеттігін жеткізді: egov.kz→ «Азаматтарға» деген бөлім →«Отбасы» қосымшасы → «Отбасылық жағдай»→ «Баланың тууын тіркеу», сондай-ақ азаматтық жағдайы туралы актісіндегі толықтырулар мен түзеулер енгізуге де болады.
Осыдан кейін:
-
«Онлайн қызмет түріне тапсырыс беру» батырмасын басу;
-
өтінім толтырып, оған электрондық-цифрлық қолтаңбамен (бұдан кейін ЭЦҚ) қол қою керек, немесе СМС-хабарламаның көмегімен (бұл үшін «Туу туралы медициналық анықтаманың» сканерленген нұсқасы керек) орындауға болады;
-
«жеке кабинетке» кіріп («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде), белгіленген уақыт ішінде түсетін өтініміңізді өңдеу туралы хабарландырумен танысу;
-
өзіңізбен туу туралы медициналық анықтаманың түпнұсқасын, неке қию туралы куәлік және ата-анасының жеке куәлігін алып, хабардандыру белгіленген уақытқа сәйкес АХАТ-қа бару қажет.
Жүкті болуға және босануға байланысты онлайн жәрдемақы ресімдеуге бола ма?
Иә, болады. Бұл үшін «электронды билік» порталына кіріп, «Әлеуметтік қамтамасыз ету» бөлімін таңдап, артынша «Отбасыға көмек»-«Әлеуметтік тәуекелге бару бойынша: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан, жұмысынан, жүкті болу және босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған нәрестені асырап алу, бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік жәрдемақы тағайындау» бөлімін таңдау қажет.
Одан кейін міндетті түрде «Қызметті онлайн түрде алу» батырмасын басып, іле жүкті болу және босануға, жаңа туған нәрестені асырап алуға, банктегі операциялардың жеке түрлерін орындайтын ұйымдарда ашылған банктердегі шот нөмірі туралы құжатқа байланысты берілген уақытша еңбекке жарамсыздық парақшасын бекітіңіз. Бұдан соң өтініп толтырып, ЭЦҚ-мен қол қою қалады.
«Жеке кабинетте» («Қызмет алу тарихы» бөлімінде) белгіленген уақыт ішінде түсетін өтініміңізді өңдеу туралы хабарландырумен танысу қажет болады.
Қайтыс болғаны туралы онлайн куәлік ресімдеуге бола ма?
Болады. Бұл үшін egov.kz порталында келесі бөлімдерге кіру қажет: «Басты» → Отбасы» → «Отбасылық жағдай»→ «Адамның қайтыс болуын тіркеу, сондай-ақ азаматтық жағдайы туралы актісіндегі толықтырулар мен түзетулер енгізуге де болады». Содан кейін:
-
«Онлайн қызмет алу» батырмасын басу;
-
өтінім толтыру және туыстық байланысты растайтын құжатты бекіту, артынша оған ЭЦК арқылы қол қою;
-
өзіңізбен тиісті құжаттарды алып, хабарландыруда белгіленген уақытта АХАТ-қа бару қажет.
Мәселен адамның жеке куәлігінің мерзімі өтіп барады. Қазір, яғни төтенше жағдай кезінде ауыстыруға бола ма?
ШҚО бойынша «Азаматтарға арналған билік» Мемлекеттік корпорациясы филиалының баспасөз қызметінде ескі үлгідегі жек куәлік мерзімі өтіп бара жатса электронды портал арқылы ауыстыруға болатындығын жеткізді. Бұл үшін сайтқа тіркеліп, «Азаматтық, көші-қон» бөліміне кіріп, артынша «ҚР құжаты мен жеке куәлік» қосымшасын таңдап «Қызметтік онлайн алу» батырмасын басасыз.
Бұдан соң өтінім толтырып, ЭЦҚ арқылы қол қою қажет. Өтінімге:
-
фотосуретіңізді;
-
қойған қолыңыздың үлгісін бекітесіз.
Содан кейін «Төлеу» батырмасы арқылы «электрондық билік» Төлем шлюзі бетінде тиісті төлем жасау қажет.
«Жеке кабинетте» («Қызмет алу тарихы» бөлімінде) белгіленген уақыт ішінде түсетін өтініміңізді өңдеу туралы хабарландырумен танысу қажет болады.
БҰЛ МАҢЫЗДЫ! Портал арқылы аталған қызметті құжатты жаңа үлгідегі жеке куәлікке чипсіз ауыстыру кезінде ғана алуға болады. Басқаша жағдайда елдегі ТЖ кезінде қызмет алу мүмкін болмайды. Төтенше жағдайды алып тастағанға дейін әліптің артын бағып, кейін жаңа құжат ресімдеу қажет болады. Мерзімі өтіп кеткеніне қарай айппұл салу жазасы да алынбайды.
Егер адам карантин немесе ТЖ кезінде көлігін сатса құжаттарын қалай қайта тіркей алады?
Ол үшін келесідей әрекеттер реттілігін орындаған жөн:
1. egov.kz порталына тіркеліп, «Онлайн қызмет алу» батырмасын басу.
2. Өтінім толтырып көлік сатып алушының ЖСН нөмірін көрсету.
3. ЭЦҚ өтініміне қол қою.
4. Сатып алушыдан растауды алу.
5. «Жеке кабинетте» қызмет көрсету нәтижесімен танысу.
Дегенмен көлік сатып алушы өтінімді мақұлдау және egov.kz порталындағы мемлекеттік баж салығын төлеу үшін өзімен ЭЦҚ-ның болуын ескеруі тиіс.
Бұдан кейін арнайыХҚКО-ға автомобиль және жаңа нөмірлік белгілерді тіркеу туралы жаңа куәлік алу үшін ғана бару қалады. Алайда әзірге арнайыХҚКО-лардың жұмысы тоқтап тұр. Алдағы уақытта әркім өзімен бірге мемлекеттік баж салығын жинау және төлеу бойынша түбіртекті, көлік құралдарын тіркеу туралы актіні, мәміленің электрондық нысанының құжатын, сондай-ақ ескі нөмір мен техникалық құжатты алып жүруіңіз тиіс.
Көптеген қызмет түрлерін тұрғындар «электронды билік» порталы арқылы өзімен ЭЦҚ бар кезде ғана ала алады. Егер біреу-міреуде ЭЦҚ жоқ болса не істейді? Қайтпек керек?
ЭЦҚ-ны онлайн режімде алу үшін арнайы жүйе ойластырылған. Орындау амалдары ұзақ, 28 пункті бар. Десе де мақалада барлығын бүге-шүгесіне дейін тізбектемеуді жөн деп санадықү Себебі ол туралы egov.kz сайтынада түсінікті әрі толық күйінде жазылған. Оған қоса, осы тақырып жөнінде түсіндіме видеосы да бар. Сіздерден талап етілетіні, egov.kz сайтына кіріп, «Қашықтан ЭЦҚ алу» бөліміне кірсеңіз жеткілікті. Содан соң нұсқаулық бойынша амалдарды орындаған жөн.
БҰЛ МАҢЫЗДЫ! Қазір «Электронды билік» порталына жүгіну арқылы онлайн-қызмет түрлерін алу жиілеп кетті. Жүйеге де салмақ түсіп, портал бетін ашу кезінде жылдамдық айтарлықтай төмендейді. Осы ретте жүйені әзірлеушілер келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды өтінуде.
Соңғы сұрақ, көптеген қазақстандықтар үшін өзекті саналып отыр. ТЖ енгізілуіне байланысты 42500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны қалай ресімдеуге болады?
Белгіленген төлемақыны алуға ақысы төленбейтін еңбек демалысына жіберілген жұмысшылар ғана емес, жеке кәсіпкерлер мен АӘК төлеушілер, сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтыған АӘК төлеуші азаматтар, одан бөлек, қандай да бір аударымдарды төлемей бейресми жұмыс істегендерге (көлік жүргізушісі, күтуші т.б) де өтінім жіберулерін болады.
Соңғы санаттағылар АӘК (қалада 2651 теңге, елді мекендерде 1325,5 теңге) төлеулері қажет. Оны «Қазақстандағы Халық банк», «ForteBank», «JusanBank», «ЦентрКредит» мобильді қосымшалары, банк және ҚазПошта бөлімдері, сондай-ақ СМС арқылы орындауға болады.
АӘК төлеп болған соң орындайтын әрекеттер алгоримті жеке кәсіпкерлер үшін де, АӘК төлеушілерге де, сонымен қатар бейресми жұмыс істегендер үшін де бірдей болады. Сонымен ТЖ жағдайға байланысты әлеуметтік жәрдемақы (42500 теңге) тағайындалу үшін:
1. egov.kz порталына тіркелу.
2. Жоғарыда оң жақ тұсында өзіңіздің толық аты-жөніңізді теріп, «Электрондық өтініштер» пунктін таңдау.
3. Ашылған терезеде «Онлайн қызмет алу» батырмасын басу.
4. Ашылған терезеде «Құру» батырмасын басу.
5. Барлық бос жолдарды толтыру.
6. «Мемлекеттік қызмет аталымы» жолағында «ТЖ енгізілу кезіндегі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік жәрдемақы тағайындау» немесе «Жеке тәжіримен айналысушы тұлғаларға, жеке кәсіппен айналысатын жұмысшыларға» таңдау.
7. «Аймақ» жолағында өз аймағыңызды таңдайсыз.
8. «Алушы» жолағында тиісті жұмыспен қамту орталығын немесе өңіріздегі әлеуметтік бағдарламаны таңдайсыз.
10. Өтініміздің электронды нұсқасын бекіту.
11. Өзіңізде көрсетілген тізімнің электронды нұсқасын бекіту.
12. ЭЦҚ-мен қол қою арқылы арыз жіберу.
Мұның жауабы жұмыс уақытын қамтитын үш тәулік ішінде өзіңіз жіберген «Электронды өтініш» бөліміне карточка арқылы келеді.