Ғылым және жоғары білім министрі ШҚО студенттеріне дәріс оқиды

287
көрілім
Фотосурет golos-naroda.kz сайтынан

Саясат Нұрбек жұмыс сапары аясында аймақтың ең ірі университеті - Amanzholov University-ге келеді. Студенттермен кездесу заманауи идеялармен алмасу құралы және сарқылмас мотивация деп танылған TED Talks форматында өтпек, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
 Саясат Нұрбек ғылым саласындағы өзекті тақырыптарды көтеріп, жоғары білімнің жаңа үрдістерімен бөліседі.
Үш өңірлік жоғары оқу орындарының білім алушыларында министрлік басшысына тікелей сұрақ қоюға мүмкіндік бар.
- Сонымен қатар, Amanzholov University базасында С. Аманжолов атындағы ШҚУ және Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ғалымдарының студенттік Start-Uр жобалары мен ғылыми-зерттеу әзірлемелерінің тұсаукесері өтеді, - делінген ШҚУ баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.
Атап айтқанда, «Биоматериалдарға негізделген композиттік материалдарды көрсету», «Ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын биотехнологиялық әдістермен бақылау», «Машина жасау бұйымдарының тозуға төзімділігін арттыру үшін инновациялық технологияларды әзірлеу», «Су объектілерін тазартуға арналған композициялық сүзгі материалдарын өндіру технологиясын коммерцияландыру», «Agropilot», «Greennik», «Qazaq Batyr», «Ecoplast» және «Bananny» жобалары.
Ауқымды кездесу соңында ғылым және жоғары білім министрі үздік Start-Uр жобаларын желтоқсан айының 9-ы күні кешкі сағат 18:00-де авторларын марапаттайды.