Әр адам қыста, маусым ауысқан кезде иммунитетін нығайтуға тырысады. Мұндайда таблетка, дәрумендердің көмегі болмайтыны анық. Сондықтан халық емін пайдаланудың маңызы зор. Олай болса:
-
Еттурағыштан ½ стақан мейіз, 1 стақан грек жаңғақ, 0,5 стақан бадам, 2 лимонның қабығын өткіземіз. Лимон шырынын еттурағыштан өткен қоспаға сығамыз. 150 г бал, 0,5 стақан сары өрік және сол көлемде қара өрік қосамыз. 1-2 күн қараңғы жерге қоямыз. Дайын болған қоспаны тоңазытқышта сақтаймыз. Ересектер күніне 3 рет 1-2 ас қасықтан, балалар күніне 2 рет 1 ас қасықтан жесе жеткілікті.
-
Келесі қоспаны дайындау үшін 200 г сары өрік, 200 г қара өрік, 200 г інжір, 200 г грек жаңғағы, 200 г мейіз, 200 г бал, 1 лимон, 50 мл коньяк қажет. Барлығын бал мен коньякқа араластыру керек. Артынша тоңазытқышқа қойып, тамақ алдында 1 сағат бұрын 1 ас қасықтан пайдаланыңыз.