Қышқыл тағамды көбірек жеп қойғанда асқазан қыжылдайды. Оны дәрісіз басудың содадан басқа да ерекше әдісі бар.
Кәмпиттің көлеміндей ірімшікті ауызға салып, мұз кәмпит сорған сияқты ұзақ соруға болады. Біраз уақыт өткен соң асқазанның қыжылдағанын ұмытып кетесіз, алайда ірімшік ішті қатыратын болғандықтан ұйықтар алдында немесе таңертең ертемен қара өрік қайнатпасын ішкен жөн.