Облыстық сайлауалды штабтың төрағасы және «AMANAT» партиясының атынан кандидат Сайрангүл Жұмаділова «Niet women» әйелдер бастамалары кулбының өкілдерімен кездесті.
Облыстық сайлауалды штабтың жанындағы фронт-офиста болған кездесуде кандидат партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.
Мәселен, партия алға қойған міндеттердің бірі – азаматтардың кірісін арттыру. 2027 жылға дейін Шығыс Қазақстанда жыл сайын 15 мың жаңа тұрақты жұмыс орны құрылатын болады. Жыл сайын, кем дегенде, 1700 жас кәсіпкерлік негіздерін оқиды.
«Бұдан бөлек, «AMANAT» партиясы балабақшалар мен мектептердің заманауи жабдықтармен жарақтандыру мәселелерін шешетін болады. Өңірде 6,8 мың орындық 17 жаңа мектеп салу, 2024 жылы облыс орталығында Қ.Сәтбаев атындағы инженерлік мектеп ашу жоспарда бар. Осыған ұқсас басқа да шаралар 5 жыл ішінде сапалы білім беру үшін жағдайды жақсартуға және балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамтуды сақтауға мүмкіндік береді», - деді кандидат.
Кездесу соңында іскер әйелдер ұсыныс айтты.
Тапсырыс беруші: С.А. Жұмаділова
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының
сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT»
партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді