Испанияның ең кәрі тұрғыны саналатын 113 жастағы Мария Браньяс (Maria Branyas) коронавирустан жазылып шықты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қарт әйелдің коронавирус індетін жұқтырғаны наурыз айында анықталған. Бұл кезде Испанияда қатаң оқшаулау режимі енгізілген болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC -ге сілтеме жасап. Мария Браньястан аурудың жеңіл белгілері байқалғаны атап өтіледі. Ұзақ өмір жасаған әйел 1818-1819 жылдардағы тұмау пандемиясын, Испаниядағы азаматтық соғыс (1936-39) және коронавирусты бастан кешті. Кейуананың қызы анасының қазір өзін жақсы сезініп жүргенін айтты. Мария Браньяс 1907 жылы Мексикада дүниеге келген. Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде тілші әкесімен бірге Испанияның солтүстік-шығысындағы Жиронаға көшіп келген. Мария Браньястің үш баласы бар, олардың бірі таяуда 86 жасқа келген. Қарт әйелдің 11 немересі, 13 шөбересі бар. Қазіргі кезде ол Олот қаласындағы қарттар үйінде тұрып жатыр.