Италиялық инвесторлар Қазақстанда ірімшік пен уылдырық өндіру мүмкіндігін қарастырмақ

407
көрілім
Фото: aif.ru сайтынан

Бұл мәселені МІТ басшысы Арман Шаққалиевтің итальяндық бизнес өкілдерімен талқылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BaigeNews.kz сайтына сілтеме жасап.
Carmes srl халықаралық менеджері Антонио  Амбросиомен сүтті өңдеу және одан ірімшік жасау бойынша жобаны талқылады.
Арман Шақкалиевтің мәліметінше, Қазақстанда ірімшік өндіруде ең қолайлы өңірлер - Алматы облысы, Шығыс Қазақстан облысы және Солтүстік Қазақстан облысы.
-     Италиялық компания елімізде бұл бизнеске инвестиция салуға әзір екенін айтып отыр, деп хабарлады МІТ
Италиялық AGRO ITTICA LOMBARDA SPA ( қара бекіре уылдырығын өндіруші) компаниясының бас директоры Карла Сора Қазақстанда уылдырық өндірісін іске қосып, оны Таяу Шығыс елдеріне экспорттауды ұсынды.
Қазақстан өз тарапынан италиялық бизнеске өндірістің аналитикалық мәліметтерін беруге, сондай-ақ отандық ірі уылдырық өндірушілермен кездесулер ұйымдастыруға даяр.