Із-түзсіз жоғалған өскемендіктің денесі табылды

246
көрілім
Фотосурет ашық дереккөзден

Өскеменде жоғалған жетпіс жастағы ер адамның денесі табылды. Бұл туралы қалалық волонтерлік ұйымның әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, марқұм 28- маусымда Глубокое ауданы Карагужиха ауылына балық аулауға кетіп, қайта үйге оралмаған.

Бүгін @volontery_uka_lider.kz инстаграм парақшасында ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама жарияланды.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.