Тарбағатай ауданының бірнеше мектебінде робототехника мен IT-технологияларды меңгеруге бағытталған заманауи кабинеттер ашылды, деп хабарлайды газет тілшісі аудан әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.
IT және робототехника сыныптары «Жетіарал мектеп балабақша кешені» КММ-де, Маңырақ ауылдық округіндегі Ахмет Байтұрсынов атындағы және аудан орталығындағы №2 Ақсуат, К.Нұрбаев атындағы орта мектептерде ашылды.
Аудан әкімі Д.Оразбаев өз құттықтау сөзінде кабинеттердің ашылуына жиналған қауымды ашылумен құттықтап, балалардың алдағы уақытта өз білімдерін жетілдіруге, ағылшын тілін қоса меңгеру керектігі жайлы ақыл-кеңесін айтып өтті.
Ерлен ОСМАНОВ