Қабылдауды тоқтатады

441
көрілім

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2018 жылдың 14 қарашасынан бастап кейбір ескі қағаз купюраларын қабылдамайды және айырбастамайды, деп хабарлайды газет тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

14 қарашадан бастап 1999 жылы шығарылған 200 және 500 теңгелер, сондай-ақ 2000 жылы шығарылған 1000 және 2000 теңге, 1998-2001 жылдары аралығында шығарылған 5000 теңге және 2003 жылы шыққан 10 000 теңге номиналдары қайтарылмайды және айырбасталмайды. 2007 жылы 15 қарашада 1998-2003 жылы шыққан бағалы қағаздар төлем құралы ретінде заңды түрде алынып тасталды.

Айта кету керек, 1998-2003 жылы шыққан номиналдарды Ұлттық Банк филиалдары 11 жыл бойы айырбастап келді.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ