Әлеуметтік желіде тараған жалған ақпараттан кейін «Жаңа Согра» КМК жабдықтары көшелерді қардан тазартуға барды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
- Әлеуметтік желідегі бейнежазбаның авторы қалың қар салдарынан Жаңа Ахмерге баратын жолда кептеліс пайда болғанын айтты, - делінген қала әкімдігінің Instagram желісіндегі парақшасында. - Бұл ақпараттан кейін кәсіпорын бұл аймаққа техника жіберді.
Анықталғандай, жол кептелісіне қар құрсауы емес, жол апаты себеп болған.
- Полиция қызметкерлері жол апатына ұшыраған көліктер мен жүргізушілерді жолдан шығарып жол кептелісін ашты. Жаңа Ахмердің жолы толығымен тазартылған және көлік қозғалысына ешқандай шектеу жоқ, - деп түсіндірді әкімдіктің баспасөз қызметі. - Біз қала тұрғындарына әлеуметтік желідегі белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз. Бірақ кез келген мәселені жарияламас бұрын толықтай көз жеткізіп алуларыңызды сұраймыз.