Бұрынғы Достық үйі маңында бал, қауын-қарбыз саудасы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі
30 тамыз күні облыс орталығы өзінің 302 жылдығын атап өтеді. Бағдарламада көптеген іс-шаралар бар. Ал мерекенің шымылдығын жәрмеңке ашпақ.
– Сағат 9:00-де Достық үйі алаңында қауын-қарбыз, бал саудасы өтеді. Жәрмеңкеге ірі кәсіпкерліктен де қатыспақ. Барлығы 20 тоннадан астам өнім ұсынылады, - дейді қала әкімдігі.