Қазақстандықтар Конституция күні мерекесінде 4 күн қатарынан демалады.
Конституция күніне орай күнтізбеде демалыс деп белгіленген 30 тамыз биыл бейсенбіге сәйкес келеді. Сол себепті сенбі, яғни 25 тамыз жұмыс күні деп жарияланып, ондағы демалыс 31 тамыз, жұмаға ауыстырылады. Осылайша қазақстандықтар 30-31 тамыз (бейсенбі, жұма) және 1-2 қыркүйек (сенбі-жексенбі) күндері қатарынан 4 күн демалады. 2018 жылға арналған Қазақстандағы мереке және демалыс күндер тізімін электронды үкімет порталынан көруге болады.
Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ