– Жеке тұлғалардың жергілікті салық бойынша берешегін қалай анықтауға болады?
Бұл сауалыңызға ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары жауап берді:
– Салықтық берешектің, оның ішінде көлік құралына салығы бойынша берешектің бар-жоғын Мемлекеттік кірістер комитетінің (www.kgd.gov.kz) сайтында "Электронды қызмет" - "Салықтық берешектің жоқ (бар) екені туралы мәлімет" бөлімінде ЖСН енгізу арқылы, сондай-ақ "Электронды үкімет" порталында не жергілікті жері бойынша МКБ тексеруге болады.