Қалбатау-Жаңаөзен аралығындағы жол қашан жөнделеді?

509
көрілім
Шартты фотосурет

Жарма ауданы әкімінің сөзінше, жұмысы тұралап тұрған жол учаскесі мәселесін шешуге жауапты серіктестікпен тиісті жұмыстарды жалғастыру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аудан әкімдігі соңғы жылдары аудан аумағындағы республикалық маңыз бар тасжолдарға күрделі жөндеу жұмысы қолға алынғанын айта келе Алматы-Өскемен бағытындағы тасжолдың Өскемен-Талдықорған бағытындағы бөлігі қайта жөндеу көріп жатқандығын мәлімдеді.

Жоспарлы жұмыс жол бөліктеріне кезеңмен жөндеу жұмыстары жүзеге асуда. Бірақ, көпшілік тарапынан Қалбатау-Жаңаөзен бағытындағы тасжол құрылысының тоқтап тұрғандығы мен жалпы аталған жол бөлігінің сын көтермейтіндігі турасында мәселелер көтеруде. Осы мақсатта Жаңаөзен ауылындағы әкімдік ғимаратында жол құрылысына жауапты «Сине Мидас Строй» ЖШС өкілдері жергілікті халық өкілдерімен кездесіп, толғандырған сұрақтарына жауап берді, - деді Ахметқали Нұрғожин.

Олар өз кезегінде аталған серіктестіктің жоба басшысы Хасан Бекташ «Сине Мидас Строй» ЖШС қосалқы мердігер екендігін, ал негізгі мердігер «Тодини» ЖШС болып табылатындығын алға тартқан. Яғни, бастаусыз тұрған 8 шақырымды құрайтын жол бөлігіне жауапты «Тодини» ЖШС қажетті қаржы бөлмегендіктен жұмыс тоқтап тұрғандығымен түсіндірген. Ахметқали Ахашұлының сөзінше, тиісті қаржы қарастырылып, жұмыс қарқын алса, «Сине Мидас Строй» серіктестігі жергілікті мәндегі мәселелерді шешуге атсалысуға әзір екендіктерін жеткізген.

- Яғни, бұл ретте жергілікті әкімдікпен бірлесіп бірқатар әлеуметтік жұмыстарды көздеп отыр. Кездесуді қорытындылай келе, жұмысы тұралап тұрған жол учаскесінің мәселесін шешу бағытындағы жауапты серіктестікпен тиісті жұмыстарды жалғастыру туралы шешім қабылданды, - деді Ахметқали Ахашұлы.