Қан айналымды жақсартатын азық-түлік

580
көрілім

Күн суық болғандықтан, қолымыз және аяғымыз тона береді. Әрине, ыстық шаймен жылынып, бұл жағымсыз сезімнен аз уақытқа құтылуға болады. Алайда қанның айналуын жақсартатын қадамдарды қолға алу керек. Соның нәтижесінде жүрек-қан тамырлары жүйесін қорғай аласыз.

Дәрігерлер, әдетте еркін қан айналымы үшін физикалық жаттығулар жасауды ұсынады. Бұл кеңеске құлақ салған жөн, себебі қозғалыс – қан айналымын «тарқататын» ең жылдам әдіс.

Сонымен қатар, кей азық-түліктер де қанның айналуын жақсартады. Ол өнімдер қоректендіргіш элементтерге бай болғандықтан, табиғи жолмен қанды сұйылтып, қан жүретін жүйеде қан ұйығының түзілуін кетіреді.

Арқан балық (лосось) Арқан балық құрамындағы омега-3 майлы қышқылы қанның сұйылуына жағдай жасап, оны уақытылы жеу қан ұйығы түзілуін кетіреді. Оның аптасына 2-3 үлесін жеуге тырысыңыз.

Сарымсақ

Сарымсақ жүрек-қан тамырлары жүйесін саулықта ұстауда маңызды рөл атқарады. Соның ішінде, қанның сұйылтуына жағдай жасап, инфаркт пен инсульт қаупін азайтады. Сарымсақты шикілей жеген жөн.

Ащы қызыл бұрыш

Бұл ащы дәмдеуіштің кішкентай бөлігінің өзінен қаныңыздың бұрқылдағанын бірден сезесіз. Қызыл бұрыш аздап дене температурасын көтереді (сол себепті оны жегенде терлейсіз) және қан жолдарын кеңейтетін құрал ретінде әсер етеді. Тамырлар кеңейтілгенде қан еркін қозғалады. Сондықтан, лимон және 1 шым-шым қызыл бұрыш салынған ыстық суды аз-аздан ішуге тырысып көріңіз.

Зімбір (имбирь)

Зерттеулер көрсеткендей, зімбірді әрдайым қолдану холестерин деңгейін азайтып, қан ұйығы түзілуін тоқтатады. Ол үшін зімбірді кішкентай бөліктерге бөліп, оның бірнешеуін ыстық суға салып ішіңіз.