Қазақстандық танымал боксшы Қанат Ислам (23-0, 19КО) Флоридада (АҚШ) 26 мамырда өтетін кезекті профи -рингтегі жекпе-жегіне дайындығын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Отандасымыз бірінші орта салмақта Норберто Гонсалеспен (23-8, 13КО) WBO, NABA және WBA Intercontinental титулы үшін айқасады.
– Қазақстандық Майамиде орналасқан Нельсон Лопестің жаттықтыру базасында күніне екі реттен шеберлігін шыңдау үстінде. Қанат күн сайын Окичоби көлінің жағасында сағат 6:00-ден бастап 20 шақырымға жүгіреді, – деп хабарлайды боксшының өкілі Берік Сұлтан.
«Қазақстан» телеарнасы Ислам мен Жанқоштың жекпе-жектерін 27 мамыр күні тікелей эфирден көрсетеді.