Қанат Ислам – Джеймс Киркленд жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

871
көрілім

Аталған жекпе-жек 9 қыркүйек күні Астанада өтеді деген жоспар бар. Бокс кеші ЭКСПО көрмесі аясында ұйымдастырылады. Осыған орай, бүгін Қанат Исламның өзі және оның бапкері Нельсон Лопес баспасөз мәслиxатын өткізді, деп xабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

– Құрметті Қазақ елі, мен өте қуаныштымын. Әрбір жекпе-жекте қолдау білдіресіздер. Сол үшін шексіз алғысымды білдіремін. «Елім дейтін, ерім дейтін» ел ағаларының барына ризамын. Елім дейтін ерлердің болатыны заңдылық. Ол – атам заманнан қазақ тариxында бар нәрсе. Сондықтан осындай тәуелсіз еліміз бар кезде, көтеретін Туымыз бар кезде шаршы алаңда елімізді бүкіл әлемге таныту, ұлтымыздың мықтылығын көрсету – біздің, ер азаматтардың міндетіміз. Алдағы жекпе-жекте Қазақ елінің абыройын барша әлемге көрсетіп, азаматтық борышымызды тағы да өтейміз деп ойлаймын, – дейді Қанат Ислам.

Боксшының айтуынша, жекпе-жекке кіру билеттерінің бағасы әзірше белгісіз. Оған қоса, Джемс Кирклендпен арадағы келіссөздер әлі аяқталған жоқ.

– Ол келісімге өз қолын қойған жоқ. Жақын арада нақты шешімін айтады, – деп атап көрсетті ол.

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам мен америкалық Джеймс Киркленд Астанада жекпе-жек өткізуі мүмкін деген мәлімет жарияланды. Артынан ғаламторда Кирклендтің Қанат Ислам өткізген бір жекпе-жекті көріп отырғаны туралы видео да тараған болатын.