Бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental титулының иегері Қанат Ислам (24-0, 19 КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) тамыз айындағы рейтингінде екі сатыға көтерілді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жаңартылған рейтингіде Қанат 21-ші орында, ал қарсыласы Брэндон Кук (18-0, 11КО) 19-шы орынға жайғасқан. Екінші жартылай жеңіл салмақтағы WBC International титулының иегері Бекман Сойлыбаев 25-ші орыннан, бірінші ауыр салмақтағы Иса Ақбербаев 37-ші орыннан көрінді.
Айта кетейік, Қанат Ислам WBC ұйымының рейтингіне алғаш рет ағымдағы жылдың маусым айында ілігіп, 25-ші орында болған. Ал шілде айының жаңартылған рейтингісінде Қанат 23-ші орынға жайғасқан.
Бұл күнде Қанат бірінші орта салмақта WBA нүсқасы бойынша Inter-Continental және Fedelatin, WBO Inter-Continental және NABO титулының иегері атанып отыр. Ал бұл салмақта WBC және IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы америкалық Джермелл Чарло және Джарретт Хёрдке, WBA және IBO тұжырымы бойынша супер чемпион және тұрақты әлем чемпионы титулы кубалық Эрисланди Лараға тиеселі.
Саул Альварес бірінші орта салмақтан орта салмаққа ауысқаннан кейін, WBO нұсқасы бойынша чемпиондық атақты 26 тамыз күні кубалық Мигель Котто және жапондық Йошихиро Камегаи сарапқа салады.
Еске сала кетейік, 9 қыркүйекте Қанат Ислам Астанадағы «Сарыарқа» велотрегі ғимаратында канадалық Брэндон Кукпен жұдырықтасады.