Соңғы кездері өңірімізде ауылшаруашылығы саласында көрші Қытай Халық республикасымен екі арада бірқатар әріптестік келісім-шарттардың бекітіліп жатқаны белгілі. Өзім шаруа қожалығын басқарамын. Білгім келетіні, сиыр етін өндіріп, Қытайға экспорттау үшін қай мекемелерден қандай рұқсат құжаттарын алу керек?
Зайсан ауданынан тұрақты оқырман
Сіздің сұрағыңызға жауап ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтында былай деп берілген:
- Ветеринариялық бақылауға жататын тауарларды экспорттау үшін келесі:
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 16-04/647 бұйрығымен бекітілген Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларына сәйкес экспорттық рұқсат алу қажет.
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығымен бекітілген ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарға сәйкес ветеринариялық сертификат қажет.