Оқиға 31 желтоқсанда қаладағы бау-бақша серіктестіктерінің бірінде болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
31 жастағы ер адамның туыстары оның жұмысқа кетіп бара жатқанын айтқан.
- Менің ағам наубайханада жұмыс істейді. Үйден 15:00-де шыққан. Ол жол бойымен қоғамдық көлік тоқтайтын жерге дейін жүрді. Бұл жерде әдетте он беске жуық қаңғыбас ит тұратын қараусыз үй бар. Иттер жүгіріп шығып, ағама шабуыл жасады. Бір ит қолынан тістеп алды. Сол кезде қолды босатпақ болған ол, саусақсыз қалған, - деді зардап шегушінің туысы.
Туысының айтуынша, ер адамды жедел жәрдем көлігімен алып кеткен. Дәрігерлер: «тырнақтың зақымдалуы, саусақтардың ашық жарасы, тістелген саусақ жарасы, сол қол саусақ фалангасының травматикалық ампутациясы» деген қорытынды шығарды.