Қанша күн демаламыз?

481
көрілім

2019 жылы қазақстандықтар 119 күн демалады, деп хабарлайды газет тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Қазақстандықтар ең көп демалатын күндер наурыз айында - 14 күн, ал желтоқсанда 12 күн демалатын болады. Мамыр мен қаңтарда ел тұрғындары - 11 күн, маусым мен тамызда - 10 күннен, шілде, қыркүйек және қарашада - 9 күннен, ақпан, сәуір және қазанда - 8 күннен демалады.

Жыл басы Жаңа жыл мерекесін тойлаумен басталады. Атаулы күнге орай демалыстар 30 желтоқсаннан 2 қаңтар аралығында болады. Естеріңізге салсақ, биылғы жылдың 29 желтоқсаны жұмыс күні болып белгіленген. Сонымен қатар ел тұрғындары 7 қаңтарда да демалмақ, өйткені бұл күн православ мейрамы Рождествоға дөп келеді.

Бес күндік жұмыс аптасын санамағанда 2019 жылы ең ұзақ демалыстар:

  • 21-нен 25 наурыз аралығында Наурыз мерекесіне орай бес күн;
  • 14-нен 17 желтоқсан аралығында Тәуелсіздік күні мерекесіне орай төрт күн;
  • 8-нен 10 наурыз аралығында Халықаралық әйелдер күніне орай үш күн;
  • 9-нан 12 мамыр аралығында Жеңіс күніне орай төрт күн (демалыс күндері көшірілді);
  • 6-нан 8 шілде аралығында Астана күніне орай үш күн;
  • 30 тамыздан 1 қыркүйек аралығында Конституция күніне орай үш күн;
  • 30 қарашадан 2 желтоқсанға дейін ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай үш күн демалыстар беріледі.

Бұдан бөлек, қазақстандықтар 1 Мамыр күні Қазақстан халқының Бірлігі күніне, 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай демалады. Сонымен қатар 11 тамыз - Құрбан айттың бірінші күні демалыс болып есептеледі.

 

Азамат ТЕМІРБЕКОВ