«Қазгидромет» мамандары қаңтар айына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бірінші онкүндіктің ортасында алғашқы аяз толқыны жүреді. Еліміздің солтүстік бөлігінде сынап бағанасы түнде 25 градусқа, оңтүстік өңірлерде 11 градусқа дейін суытпақ.
Суық ауа ағымының тағы екі толқыны екінші және үшінші онкүндіктерде жалғасын табады. Мамандар айдың соңына таман аяз атқа қонады деп топшылауда.
Еліміздің солтүстік бөлігінде 20-25, кей жерлерде 30 градусқа дейін суытса, оңтүстік аймақтарда 17-22, кей жерлерде сынап бағанасы 12 градусты көрсетеді.
Бұдан бөлек, ШҚО-ның таулы аймақтары мен тау етегінде күн райы әдеттегіден тыс құбыла түспек.