Қарағандыда 2 адам коронавирус жұқтырған: Індетке шалдыққандар саны 49 болды

419
көрілім

Қазақстанда тағы 5 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде тағы 5 адамнан коронавирус табылған. Осылайша, Қазақстанда қауіпті індетті жұқтырғандар саны 49 болды.

Оның ішінде Алматыда - 22, Нұр-Сұлтанда - 25 және Қарағандыда - 2 жағдай тіркелген.