Қарағандыда терракт туралы хабар таратқан 13 жастағы бала ұсталды

319
көрілім
Фото:qaz.ulysmedia.kz сайтынан

Қарағанды облысының полицейлері терроризм туралы хабарлама таратқан адамды ұстады, деп хабарлайды  Buqara.kz сайтының тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

 Облыстық ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс мектептерінде оқушыларды атамын деп хабарлама таратқан телеграмм-арнасының әкімшісі әрі авторын ұстады.

13 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны әлеуметтік желіден терроризм тақырыбындағы ақпаратты көріп, «Очищение Караганды» деген атаумен Telegram-арна құрған. Кейін облыс төңірегіндегі мектептерде терроризм актісі дайындалып жатқаны туралы ақпарат таратқан, - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Қазір арна өшірілді. Баланың ата-анасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады